организмде дене жұмысы кезінде жинақталған зат алмасу өнімдерін тотықтыру мұқтаждығынан туындайтын жұмыс тоқтағаннан кейінгі оттегінің (ауаның) үстемелей қабылдануы. Оның себебі ауыр жұмыс кезінде организмнің оттегіге мұқтаждығы 30-50 есе артады, ал оттегіні жеткізу жəне пайдалану мүмкіндігі тек 20 есе ғана өседі. Сондықтан ұлпаларда сүт қышқылы жəне басқа шала тотыққан өнімдер жинақталады.