ПӘТЕР

lat: PÁTER

зат. Қаладағы көп қабатты тұрғын үйдің ішіндегі бір отбасына берілген үй .

Бір бұтағын сындырдым да, мүкке орап әкелдім,

Әкелдім де іліп қойдым, дәл төріне пәтердің .

Құрметті достарымды еске салсын демедім,

Бұл күндері ешкімі де ойыма алмай келемін (3,297).

Екі жыл өткен соң ортақ асханасы бар пәтер алып, жағдайым біршама түзеле бастады (5,225).