1) (спорт) бильярд ойынынын түрі. Америкалық пул; 2) (экон.) кәсіпкерлердің немесе компаниялардың уақытша бірлестігі. Түскен табыс ортақ қорға барып, кейін үлескерлер арасында алдын ала келісілген пропорция бойынша үлестіріледі; 3) (ауылшар.) Канада, АҚШ және Австралиядағы ауылшаруашылық өнімдерінің сатылымын өткізудің монополияландырған фермерлік кооперативтері бірлестігі; 4) (саяс., ауысп.) кез келген саяси және қоғамдық бірлестік.