жердегі және әуедегі нысаналарды оқпен жоюға арналған автоматты шапшаң атылатын қару. Пулемёт ұжымдық қару, әдетте бірнеше адамнан тұратын пулеметшілер тобы болады. Пулемёт құрылысына, жұмсалуына қарай қол станокты, ірі калибрлі пулемёт болып бөлінеді. Қол пулемёт орнықты болу үшін оның жерге тірелетін металл тіреуіші (аяғы) болады. Ал станокты және ірі калибрлі пулемёттер станокқа немесе арнаулы қондырғыларға орналастырылады. Нысананы атуына қарай пулемёттер жердегі, нысананы ататын ұшақтар, әуедегі нысананы ататын пулемёт (зениттік және пулеметті қондырғылар) болып бөлінеді. Пулемёттің ұшақтар мен танкілерде қонданылатын, авиациялық жане танкілік түрлері де болады.