lat: Pýlemet
зат. Жердегі және әуедегі нысананы көздеп атуға арналған автоматтық қару.
Қартқожаға «пароход», «поезд», «автомобиль», «аэроплан», «окоп», «бомба», «гранат», «пулемет», «самолет» деген сөздер ауылдағы Сәрсембай, ала сырмақ, қара кебеже, торы байтал дегенмен бір есеп болып кетті (Ж.Аймауытов, Шығ.).
Бәрінен де сенімді, бәрінен де артық қайрат беріп, көп оғы бар пулемет кезеліп тұр (М.Әуезов, Шығ.).
Нүркен Әбдіров секілді ер азаматтарымыз жанған самолетімен жау шебін қиратып немесе Сұлтан Баймағамбетов тәрізді жаужүрек жігіттеріміз пулемет оты бас көтертпеген дзот тесігін кеудесімен жауып, қаза тапты (І.Есенберлин, Шығ.).