жүрек қарыншасы миокардының өткізгіш жүйесінің клеткалары. 1845 жылы Я.Э.Пуркине сипаттаған. Негізінен сүтқоректілерде, сонымен қатар басқа да омыртқалы жануарларда зерттелген. Пуркине талшықтары əсіресе күйіс қайыратын жануарларда ерекше келеді.Болашақ бұлшықет клеткалары ретінде дамып келе жатқан клеткаларда Пуркине талшықтары жиырылғыш қызметін жоғары деңгейде жоғалтып, миокардтың қозуды өткізетін жиырылғыш элементтеріне маманданады. Пуркине талшықтары миокардтың жиырылғыш талшықтарына қарағанда жуан, митохондриялар мен гликогенге бай келеді, бірақ миофибрилдер өте аз кездеседі.