lat: Pýtevka
зат. сөйл. Жолдама
1. Курорт, шипажай, демалыс үйі немесе алып құрылыс сияқты жерлерге барушыларға берілетін жолдама қағаз. Таудағы демалыс үйлерінің біріне путевка іздегелі жүрмін ( М. Дүйсенов, Мейман.).
Бір путевка келіп еді, Соны бізге бөліп еді. Өзі тегін алмайсыз ба, Ялта жаққа бармайсыз ба? (С.Сейітов, Жаңғырық).
2. Шопырдың барар маршруты, артар жүгі көрсетілген рұқсат қағаз.