ПІР

lat: PİR

(пар. пир پير)   

1. Діни жетекші, рухани көсем.

Ақкөл мен Жайылмада аз жыл тұрдың, Пір болып, мүрид бастап, дүкен құрдың («Исабек ишан». М.Жүсіп, І-том, 2003).

“Тәнімді мақлұқтарға көргізбе” деп, Алладан Жүсіп пір де тіледі енді («Қисса хазірет Жүсіп аләйһиссалам илән Зылиханың мәселесі». Бабалар сөзі. 18-том. 2005. 100 томдық).

Айтқанымды көтерді-ай. Қос әулие пір екен («Қарасай, Қази» (Мүстежеп Ахметұлы нұсқасы). Бабалар сөзі. 41-том. 2007. 100 томдық).

Баба Әзірет, Пір едің, Халық тұтқан нұр едің («Мәулімнияз Едіге». Бабалар сөзі. 39-том. 2006. 100 томдық).

Пірлік қылу рухани көсем болу.

Жасынан-ақ халыққа пірлік қылған , Хақлық болса, бас тартпай ерлік қылған («Исабек ишан». М.Жүсіп, І-том, 2003).

2. Ауысп. Қолдап, қорғаушы рух.

Ай, Жаратқан, Пір , деді, Тілекті бүгін бер, деді («Қарасай, Қази» (Құдайберген Шоқаев нұсқасы). Бабалар сөзі. 41-том. 2007. 100 томдық).

Кәміл пір медет бергесін, Батырым судай тасыпты («Қобыланды батыр». Бабалар сөзі. 38-том. 2006. 100 томдық).

Кереметтей пір едің, Жәрдем болып жүр едің («Қарасай, Қази» (Құдайберген Шоқаев нұсқасы). Бабалар сөзі. 41-том. 2007. 100 томдық).

Жәрдем болып пірлері , Халқына есен қосылды-ай («Қарабек». Бабалар сөзі. 44-том. 2007. 100 томдық).

Пір тұту [тұтыну] үлгі тұту, табыну.

Пір тұтты Пайғамбардың шаһариарын, Айдатып, жиып алды малдың бәрін («Қисса хазірет Әлидің Сараң байды жолға салғаны». Бабалар сөзі. 16-том. 2005. 100 томдық).

«Көзі көк, сары оязды пір тұттым» деп, Өзіңді өзің ұлық қылма, шекті («Есім Зылиқа». Бабалар сөзі. 22-том. 2005. 100 томдық).

Ол байғұс пір тұтынды Әли ерді, Айтқанының бәрін де қабыл көрді («Қисса хазірет Әлидің Сараң байды жолға салғаны». Бабалар сөзі. 16-том. 2005. 100 томдық).