lat: PİSHİN
зат. Бір нәрсенің кескін-келбеті, түр-тұлғасы, кейпі.
Қарашы мынау қабаржып жатқан пішінге,
Ыза мен ашу қайнайды келіп ішінде.
Жетпей ме сол да, қойдың ғой мені арқандап,
Мамасы, босат, қызыма, құрсау түсірме! (1,172).
Құмарлық қайнап ішінде,
Қарайды Арман бір қанбай.
Сымбатты со бір пішінде
Даланың көркі тұрғандай (2,310).