Пигмент клеткалары

lat: Pıgment kletkalary

хроматофорлар, нейроэктодермадан пайда болатын бос жəне эпителиалды клеткалар, пигмент синтездейтін, тері жабынына түс беретін, олардың өнімдері (шаш, қанат), барлық омыртқалылар мен омыртқасыздардың көптеген топтарының көздерінің ішкі төсеніштері. Пигмент клеткалары қорғаныс жəне агрессивті бояуды қамтамасыз етеді, термореттеуге қатысады жəне организмді артық УФсəуледен қорғайды. Бос пигмент клеткалары ұрықта нерв түтігінің тұлға бөлімінің арқа (дорсалды) бөлігінен пайда болады, бүкіл денеге пигменттелмеген меланобластар түрінде таралады. Организмде түстің пайда болу кезінде бірбірімен жəне айналасындағы ұлпалар мен күрделі қарымқатынасқа түсетін меланоциттерге, меланофорларға, иридофорларға, ксантофорларға жəне эритофорларға соңынан жіктелінеді. Пигменттер пигмент клеткаларының əрбір түрі үшін маманданған, олардың цитоплазмасындағы арнаулы органойдпигмент түйіршіктерінде синтезделінеді. Түстің қарқындылығы пигмент клеткалары жауып жатқан жердегі пигмент клеткаларының санымен жəне синтездейтін түйіршіктер санына, ал олардың тері жабындасындағы өзгерісі пигмент клеткаларының ішіндегі түйіршіктердің қайта таралуына байланысты болады. Пигмент клеткаларының қызметі гормондар арқылы реттелінеді, ал балықтарда жыл мезгілдеріне, эндогенді ритмдерге жəне т.б. факторларға байланысты нервтің де бақылауында болады. Қоршаған ортаның түсіне қарай, əдетте жануарлар өздерінің реңдерін өзгертіп отырады. Эпителиалды пигмент клеткалары пигментті эпителий құрайды. Көзде олар нерв түтігінің алдыңғы өсіндісі болып табылатын көз қарашығының сыртқы қабатынан пайда болады. Ұрық денесінде меланобластардың таралуының бұзылуы пигмент клеткаларының қалыпты жағдайдан ауытқуынан туа пайда болатын дақтарға əкеліп соғады. Адамдардағы меланоциттердің қатерлі өзгерісі жəне мең мен қалдағы пигмент клеткалары пигмент ісігі меланомның түзілуіне əкеледі. Пигмент клеткалары ретінде макрофагтар мен терінің пигмент түйіршіктерін өндіретін, бірақ оларды қайта синтездеуге қабілетсіз Мальпиги қабатының клеткалары уақытша қызмет етуі мүмкін.