организмдегі ұлпалардың құрамына кіретін, боялатын байланыстар. Пигменттердің түсі молекуласында күн спектрі (380-750 нм) көрінетін аймақта жарықты таңдап жұтуға себеп болатын хромофор топтарының болуымен анықталады. Химиялық құрылысы бойынша жақын немесе бірдей пигменттер филогенетикалық жағынан алыс, əртүрлі топтарда болуы мүмкін. Пигменттер цитохромның, каталазаның, т.б. ферменттердің құрамында болып, белоктармен, майлармен кешен түзіп, мембрананың құрылысын түзуге қатысады. Клеткаларда пигменттер жиі арнайы құрылымдарда (хлоропластарда, хромопластарда), өте сирек клетка сөлінде кездеседі. Жануарлардың көптеген түрлерінде пигмент клеткалары кездеседі. Пигменттер фотобиологиялық процестерде (фотосинтез процесінде – хлорофиллдер, каротиноидтар, фикобилиндер; көру процесінде – родопсиндер; өсімдіктердегі фотореттеуші процестерде – фитохром) маңызды рөл атқарады, тыныс алу процесіне (гемоглобиндер, цитохромдар, тыныс хромогендері) қатысады, организмді УФ-сəулесінің жағымсыз əсерлерінен (өсімдіктерде – каротиноидтар, флавоноидтар, жануарларда – меланиндер) қорғайды, өсімдіктер мен жануарларға түс береді. Тағам жəне фармацевтика салаларында да қолданады.