Пирамидалық торшалар

lat: Pıramıdalyq torshalar

үлкен жарты шарлар қыртысының пирамида пішіндес торшалары. Пирамидалық нейрондардың төменгі кеңейген табан жағынан аксон шығады, ал жоғарғы сүйір ұшы апикальдық дендритке айналады. Бұл нейрондардың бүйір беткейлерінен негіздік (базальдық) дендриттер шығады. Пирамидалық торшалар ми қыртысының ІІІ жəне V қабаттарында орналасады.