Пистолет-пулемет

lat: Pıstolet-pýlemet

жанды нысанаға 1000 м қашықтықтан оқ тигізетін, жаяу әскерлердің автоматты түрде шапшаң атылатын негізгі қаруы. Пистолет-пулеметтің конструкциясы үздіксіз немесе кейбір үлгілері жеке-дара атыс (арнаулы тетікті қолдану арқылы) жүргізуге мүмкіндік береді. Оның қорапты немесе барабанды ұясына 20-дан 71-ге дейін патрон-оқ сыяды. Қораптың осындай сыйымдылығы жоғары үдемелі (интенсивті) ұзақ атыс жүргізуге мүмкіндік туғызады. Пистолет-пулеметтен атыс әдетте қысқа дүркінді (3-5 атысқа дейін) жүргізіледі. Пистолет-пулемет минутына 80-нен 100-гe дейін оқ шығара алады.