lat: PAIDA
ар. зат. 1 . Еткен еңбектен түсетін табыс, таза кіріс .
Соғыс деген – сотқарлардың қолындағы найзасы,
Қолданады, долданады, таусылғанда айласы.
Соғыс деген, соғыс деген – зұлымдықтың айнасы,
Біреулердің шығыны да, біреулердің пайдасы (1,241).
2 . Біреулерге тиімді жақсы іс, көмек, жәрдем .
Пайдам да жоқ ешкімге, зияным да,
Ұялтуға қақым жоқ, ұялуға.
Жаяулатып жүріп-ақ дәмем күшті,
Құрық салып құланға қиялымда (2,150).
Көптеп жазылса, әрине, әдебиетке келер зияны жоқ та шығар, алайда жорықсыз көбейіп кетуінің пайдасы да шамалы (4,291).