lat: PANEL
геол. 1. Ғимараттар, т.б. құрылыстар салуға арналған мөлшері үлкен, бірақ қалыңдығы өзге екі өлшемінен әлдеқайда кіші, жайпақ құрылыстық элемент.
Ғимараттардың сыртқы, ішкі қабырғалары және төсем мен жабын үшін құрастырмалы панель пайдаланылады (Қаз. тілі термин. Геология).
Панель дайындау үшін бетон (ауыр, жеңіл), темір-бетон (керамзитті бетон, перлитті бетон, кеуек бетон, гипс бетон), керамикалық және табиғи не жасанды тастар, асбесті цемент және т.б. пайдаланылады;
2. Көше шеттеріндегі, асфальт, тас, басқа материалдар төселген жаяу адамдар жүретін жер; жаяужол;
3. Ғимараттың ішіндегі қабырғалардың материалдарымен қапталған немесе боялған төменгі жағы; құрылыстағы темірбетонды немесе ағаш плита; қондырғының, машинаның, агрегаттың басқару және тексеру аспаптары орнатылған бөлігі (Қаз. тілі термин. Геология).