ПАНТОМИМА

lat: PANTOMIMA

(іrpeK.pantomimas еліктеу арқылы дене қимылдарын қайталау) көркем бейнелеу, жан-тәннің мәнерлі қозғалысын, дененің үйлесімді қимылын, әдеттің ыңғайлымын орындау арқылы жасалатын өнердің жүйесі және оның сахналық түрі. Пантомима алғаш ежелгі Грекия мен Рим театрында қалыптасқан. Пантомима түрлері ел кезуші актерлер (гистриондар), қалжыңбас күлдіргіштер, жонглерлер арқылы музыкалық қолдаумен таралған. П. ХІІ-ХІІІ ғ. комедиялық өнердің тәсілі ретіңде қолдау табады. XIX ғ. жеке театр ойынына айналады. Пантомиманың музыкамен, әнмен сүйемелдеумен орындалатын арнайы түрі Орта және Шығыс Азия елдерінде жиі таралған.