көркем бейнелеу, жантәннің мәнерлі қозғалысын, дененің үйлесімді қимылын, әдеттің ыңғайлы ымын орындау арқылы жасалатын өнердің жүйесі және оның сахналық түрі. Пантомимика алғаш ежелгі Грекия мен Рим театрында қалыптасқан. Пантомимика түрлері ел кезуші актерлер (гистриондар), қалжыңбас күлдіргіштер, жонглерлер арқылы музыкалық қолдаумен таралған. Пантомимика ХІІ-ХІІІ ғ. комедиялық өнердің тәсілі ретінде қолдау табады. XIX жеке театр ойынына айналады. Пангомиманың музыкамен, әнмен сүйемелдеумен орындалатын арнайы түрі Орта және Шығыс Азия елдерінде кең таралған.