ПАР

lat: PAR

1зат.Күздік, жаздық дәнді дақылдар егу үшін жыртылатын, ауыспалы егіс танабы.

Қай жерге қар қанша түскенін, қай жерге пар қанша, зябь қанша жыртылғанын өз көзімен көрді (I.Есенберлин, Көлеңке.).

Көктемнің ашық күнінде алысырақта пар айдаған трактор болмаса жазықта айрықша дыбыс та, үн де жоқ (Ғ.Сланов, Шалқар).

Тұқым ерте жыртылған пар мен зябьке себіледі (С.Хайдаров, Жүрек).