lat: PAR
2сан.1. Қос, жұп, екі.
Көшенің әдейі жарық жерімен жүреді. «Қош бол» – деп Гүлжәмила қайтады үйге, Бес пар ат парлап жеккен сырлы күйме. Айрылып Кешубайдан қалары жоқ, Көрмей жүр дүниенің сырты міне (Ә.Найманбаев, Шығ.).
Қос ішекпен домбыраға күй келер, Қандай әсем пар ат жеккен күймелер. Омырауынан бүршік жарып қос алма ақ, Музыкалы қыз өмірі басталмақ (Т.Айбергенов, Мен. ғашық.).
Владимир Шадринге кетпек болды, Көшір түнде қызды алып жетпек болды, Табыспақ емен ағаш ел жатқанда, Пар ат жегіп Марияны күтпек болды (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
Егіншілердің қосы жағынан жіңішке жолмен заулатқан бір пар атты көріне кетті (С.Мұқанов, Шығ.).
2. Бір-біріне тең, қатар.
Біреуде өмір бойы ар болмайды, Жақсымен арам кісі пар болмайды. Жұрт көзіне жақсымен дос болғансып, әрдайым тек өзіне пайда ойлайды (М.Әшірбеков, Белестер).
Біз екеуміз бар едік, Айрылмастай пар едік. Бір күн қалсақ көріспей, Көрейік деп зар едік (Ғашықнаме).
Алты Алаш Абылайдай арғымағын, Алаштың аруағына пар қылатын. Бетіне Абылайдай ардагердің Келуді алты Алашқа ар қылатын (М.Жұмабаев, Шығ.).