ПАРАБОЛА

lat: PARABOLA

зат.мат. Дөңгелек конустың кез келген жанама жазықтығына параллель болатын жазықтықпен сол конустың қиылысатын сызығы.

1690 ж. Лейбниц бойымен дене тұрақты жылдамдықпен түсетін қисық ретінде анықталған изохрониканы ашады, оның жартылай кубты парабола болатынын дәлелдейді (А.Көбесов, Математика тарихы).

Мұндай шеңбердің центрін табу, шеңберге жанама жүргізу, бұрышты тең үшке бөлу рисекциялау), парабола сызу сияқты 13 есептің салу әдістері қарастырылған (А.Көбесов, Математика тарихы).

ух2 функциясының графигімен біз бұрын кездескенбіз. Ол парабола деп аталатын сызық болады лгебра).

Біздің жыл санауымыздан бұрынғы II ғасырдан бастап бұл қисықтар п а р а б о л а, эллипс, гипербола болып аталады (О.Жәутіков, Математика.).