ПАРАДИГМА

lat: PARADIGMA

сипатты мысал немесе кеңірек алуға, яки ұқсауға болатын үлгі деген мағынаны білдіреді. Бұл ұғымды философ және ғылым тарихшысы Томас Кун енгізіп, оның әлеуметтанушылық мағынасын техникалық пайдалануға да келтірді.Парадигма.” термині ғылымының іс жүзінде қолданылуына баға беруінде өзекті рөл атқарады. Күн іс жүзінде қолдануға болатын ғылымды “қалыпты” ғылым деп атайды. Ғылым дамуының әдеттегі ғылыми қоғамдастықта ұстануы қажет теориялық және методологиялық ережелер, нормалары туралы консенсусқа қол жетеді. Мұндайда, бәлкім, ғылымның бұрынғы кейбір жетістіктері ғылыми қоғамдастықтың үлгі немесе парадигма ретінде қабылдауының нәтижесінде пайда болады. Білімнін бір саласындағы ғылыми даярлық сол парадигмамен немесе оның көрінуімен танысудан басталады. Парадигма статусына ие болу үшін ғылыми алынған проблеманың сендірерлік шешімін ұсынуға тиіс, сөйтіп мамандардың жеткілікті мөлшері ғылыми түрде жеткілікті мойындап, оны консенсустық негізде тұжырымдаған болуы керек. Ол сондай-ақ, белгілі ғылыми дәстүр шеңберінде кейбір зерттеушілік практика шеше алатындай жеткілікті мөлшерден шеттелмеген проблемалар да болуы тиіс.