(грек, paradoxon – кенеттен, күтпеген деген мағынада) – үйреншікті ұғым-түсінікке қарама қайшы келетін (не сырттай солай көрінетін) ой-тұжырым, әдебиетте қарамақарсы ұғымдарды жақындату, ұштастыру негізінде ойды әдет тегіден тыс, тосын, өткір түрде айту үшін қолданылады. Парадокс үлгісін халық мақалдарынан, қазақтын, шешендік сөздерінен кездестіруге болады. Мысалы, «Асықпаған арбамен қоянға жетеді» дегенде, немесе, «Бір жол бар алыс, алыс та болса – жақын, бір жол бар жақын, жақын да болса – алыс» дегенді айтуға болады. Әдебиетте парадокс бірде өткір нақыл сөз түрінде көрінсе, бірде таңқаларлық тапқырлығы мен еріксіз күлдіретін ащы мысқыл болып келеді. Мұны біз Еуропа әдебиетінде Б. Шоу, орыс әдебиетінде И. С. Тургенев шығармаларынан анық бай қаймыз. Тургенев, мысалы, Рудинді сөйлеткенде осы парадокс үлгісіндегі өткір, тапқыр сөздерді шебер қолданады. Әбсеметов М.