ПАРАПАР, ПАРА-ПАР, БАРАБАР, БАРА-БАР

lat: PARAPAR, PARA-PAR, BARABAR, BARA-BAR

(пар. барабар برابر) бірдей, тең.

О дағы бір асылдың тұқымы екен, Парапар Жәмиламен теңдес келген («Мәлікриан, Рабиғұлмүлік, қыз Жәмила». Бабалар сөзі. 21-том. 2005. 100 томдық).

Ол Сайфырдың күштерін сұрасаңыз, Он сан мың кісіге парапар («Қисса Баһрам». Бабалар сөзі. 20-том. 2005. 100 томдық).

Сұлудың сұңғақ бойлы нұр дидары, Пара-пар аспандағы ай, жұлдызға («Талайлы мен Әйім қыз». Бабалар сөзі. 22-том. 2005. 100 томдық).

Жеті күн, түн ұрыстың, Барабар болып тұрыстың («Қисса Зарқұм». Бабалар сөзі. 12-том. 2005. 100 томдық).

Көп жанға барабар келмес күшің, Сен өлсең бүтін тұрмас менім ісім («Қисса Таһир Зүһра». Бабалар сөзі. 19-том. 2005. 100 томдық).

Бара-бар аспан менен жасыл күмбез, Бар екен маңайында алма ағашы («Мәлік Хасан». Қисса-дастандар, 1986).