lat: PARAZIT
[грек. para – жанында, sitos – қоректену]зат.биол. 1. Басқа ағзаларда тіршілік етіп, соның қанының не шырынының есебінен қоректенетін көбіне оған зиян келтіретін өсімдіктер мен жәндіктер, құрттар.
Табиғатта адам, жануарлар және өсімдіктерді зақымдайтын паразит бактериялар да бар (Н.Шоқанов, Топырақ.).
Токсоплазмоз ауруын қоздыратын сіркеден де ұсақ жай көзге көрінбейтін паразит(3.Сырғабаева, Токсоплаз моз.).
Паразиттер иесінен кіші болады және оған зиян келтіреді (Қаз. тілі термин. Геология.).
2.ауыс. Басқа біреудің еңбегін қанаушы арамтамақ, жатыпішер
Абай надандық, зорлық, жуандық, пәлеқорлық сияқты халық үстіндегі паразит атқамінерлер мінезімен мықтап тұрып алысуға кіріседі (М.Әуезов, Әр жыл.).
Ескілікті қазақ өміріндегі паразит арамтамақ топтың өкілі – молдалардың азғындығы, зинақорлық типтік құбылыс еді (Р.Нұрғалиев, Талант.).