ПАРИЖ КОММУНАСЫ

lat: PARIJ KomýnaSY

1871 жылдың 18 наурызында халық көтерілісі жеңісінің нәтижесінде Парижде бекітілген тарихтағы алғашқы жұмысшылар мен еңбекшілердің билігі, осы жылдың 28 мамырына дейін ғана тұрды. Париж коммунасының үкіметі әртүрлі төңкерістік әлеуметтік-саяси күштердің одағына сүйенді. Үкіметтің басым бөлігін бланкистер (төңкерістік қозғалыста сектанттық-астыртын сөз байласу тәсілін ұстанушы коммунистутопист Л.О.Бланкті (1805-1881) жақтаушылар) құрады, ал азшылық прудонистер (социалист-анархист П.Ж.Прудонды (1809-1865) жақтаушылар) болды. Париж коммунасы ескі мемлекеттік машинаны сындырып, халықты жаппай қаруландыруды енгізді, шіркеуді мемлекеттен ажыратты, еңбекшілердің материалдық жағдайын жақсартатын, еңбекті қорғайтын бірқатар шараларды қабылдады. Төңкеріске қарсы күштермен апта бойы париж баррикадаларында болған күрестен кейін Париж коммунасы құлады, ал оған қатысушылардың көбі қаза тапты. Париж коммунасының тәжірибесін зерттеуде марксизм көп көңіл аударды.