көптеген елдерде өкілетті сайланбалы (кей бөлігі тағайындалатын) заң шығарушы орган. Кейбір елдерде басқаша аталуы мүмкін (АҚШ Конгресс, Израиль Кнессет, Германияда Бундестаг, Данияда Фолькетинг, Швецияда Риксдаг, Норвегияда Стортинг, Исландияда Альтинг, Бангладеште Ұлттық ассамблея, Египетте Халық жиналысы, Индонезияда Халықтық Кеңесші Конгресс және т.б.). Қазақстан Республикасының Парламенті Заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. Парламент екі палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Қазақстан тарихында тұңғыш рет екі палаталы Парламент болды. Заң шығару органының екі Палаталы құрылымы едәуір сапалы заңдар шығаруға ықпал етеді, парламенттік органдар арасындағы қатынастарда дағдарыс ықтималдығын кемітеді. Парламентті біршама тұрақты әрі орнықты етеді, заң шығару қызметінде бір Палаталы Парламентке тән жершілдік және ведомстволық біржақтылықты тежейді.