ПАРЛАМЕНТ

lat: PARLAMENT

[франц. parler, parlement сөйлеу]зат.саяси. Мемлекеттік биліктің заң шығарушы ең жоғарғы жалпы ұлттық өкілетті мекемесі.

Парламент Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы (ҚР Конституциясы).

Әр елдің парламентінің низамшылық (заң шығарушылық) процедурасы Конституциясымен, регламенттерімен, заңымен, палаталардың қарарларымен т.б. реттеледі (Заңтану термин. сөздігі).

Жаңа Парламент жұмысқа 1996 жылғы 30 қаңтарда кірісті. Қазақстан Республикасының демократиялық жолмен сайланған кәсіби Парламентінің қызметі осы кезден басталады («Егемен Қазақстан»).

Парламенттің басты қызметі заң шығару және үкімет пен басқа да мемлекеттік билік органдарының қызметін бақылау болып табылады (ҚҰЭ).