ПАРЛАМЕНТЕР

lat: PARLAMENTER

(фр. parlеmentaire делдал) соғыс жүріп жатқан аймақтарда қарсыласпен келіссөз жүргізуге жіберілген соғысушы жақтардың бірінің ерекше өкілеттігі бар ресми өкілі. Бітімгерге тиіспеу ертеден келе жатқан жəне арнайы құрметке ие болған халықаралық ғұрып.