ПАРТЕР

lat: PARTER

(француз тілінен parterre, par бойымен, бетімен және terre жер) бақша-саябақ өнерінде бақшаның не саябақтың газондалған, гүлзарлы, суайдындары, жиектемелері бар, бұталардан тұратын көмкермесі бар, кейде мүсіндермен, субұрқақтармен, қоспадуалдармен, жекелеген ағаштармен безендірілген ашық бөлігі (тұрақты саябақтарда қырқылған буксутан, түрлі-түсті құмнан, үгітілген кірпіштен, көмірден жасалған ою-өрнектері бар түзу пішінді жер бөліктері; пейзаждық саябақтарда көгал түріндегі жерлер).