lat: PARYZ, FARYZ
(ар. фарз فرض)
1. Борыш, міндет.
Бәріне көніп келдік сіздің үшін, Сізге де қарау парыз біздің үшін («Әбуғалисина, Әбілхарис». Дастандар, 1990).
Жатпаққа парыз болды салған төсек, Өзіме сұрамаймын Хақтан өсек («Қисса Ләйлі – Мәжнүн». Бабалар сөзі. 19-том. 2005. 100 томдық).
Құдайдың құлшылығы бізге парыз, Жалғанда құтылмасақ болар қарыз («Сүлеймен мен Ібіліс». М.Жүсіп, ІІ-том, 2003).
Біздей найбның айтмақлық сүннет, сіздей дәулеті келген патшаһның иығлағанны күлдірмек, иықылғанны сүйемек фарыз (Атамұрат Оразмұхаммедтің хаты).
2. Өтеуге тиіс діни міндеттер.
Исламның бес бәнасын тамам әйла. Ада қыл, парыз , уәжіп, сүннетпенен («Қисса Ләйлі – Мәжнүн». Бабалар сөзі. 19-том. 2005. 100 томдық).
Оқыды парыз бенен hәм сүннетін, Есіне алып жылайды көп үмбетін («Қисса Мұхаммед Расул Алланың дәрул пәниден дәрул бақиға рихлат еткен мәселесі». Бабалар сөзі. 11-том. 2005. 100 томдық).
Парыз, уәжіп сүннәті мен мұстақабыны, Орнына келтіруге талап қылғыл! («Жан иесі өліп, ғарасатқа тіріліп, Ғазазіл ан хазірет илан үмбеттеріне таласып, имам Ағзам илан имам Шафқа жүгінгені». М.Жүсіп, ІІ-том, 2003).
Артында мирасқоры болғаннан соң, Һәммәсін бажай қылдым парыз, сүннет («Қасым Жомарт». Дастандар, 1990).