ПАТРИОТИЗМ

lat: PATRIOTIZM

[грек. patrides отандас, patris отан, туған жер]зат. Отаншылдық (өз Отанын, халқын шексіз сүюшілік, барша күш-жігерін Отан мүддесіне арнаған адамға тән терең сезім).

Туған жерін, ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту сияқты патриотизм элементтері ерте заманнан бастап-ақ қалыптаса бастайды (ҚСЭ).

Сонда патриотизм өз Отанына деген, өз халқына деген адалдық пен сүйініш отанжандылық, отан-сүйгіштік (М.Қозыбаев, Өркениет және ұлт).