ПАТРИОТИЗМ

lat: PATRIOTIZM

(грек. patriótes жерлес, отандас , patris отан, туған ел , ) азаматтың (патриоттың) адамгершілік жəне саяси ұстанымы, əлеуметтік-саяси сезімі, бұл отанға сүйіспеншілік пен шын берілгендіктен, оның өткені мен бүгінін мақтан ету, өзінің жеке мүддесі мен топтық мүддесін елдің ортақ мүддесіне бағындыру, отан алдындағы парызын саналы сезінуден, ол парызын өтеуге отанға қызмет ету жəне оны қорғау арқылы, елдің дамуына, əлемдегі беделінің артуына сеп болатын істер мен əрекеттер жасау арқылы ұмтылудан көрінеді. Ұлттың құралуы мен қалыптасуы, ұлттық мемлекеттердің құрылуы кезінде, ұлттық жəне ұлт-азаттық қозғалыстардың дамуы кезінде Патриотизм қоғамдық сананың ажырамас бөлігіне айналып, саяси мəнге ие болады. Жаңа мыңжылдық табалдырығында интернационалдандыру, ғаламдасу, мемлекетаралық өңірлік интеграциямен байланысты, мемлекеттік жəне ұлттық егемендіктің рөлі мен маңызы артумен байланысты Патриотизм. проблемасы да шиеленісе түседі. Патриотизм жалпы адамзаттық, таптық жəне ұлттық аспектілері бар, тарихи сипатқа ие құбылыс. Өз ғаламшарының игілігі үшін жауапты да жасампаз сезімді білдіретін планетарлық Патриотизм кейде Патриотизм жоғарғы формасы деп есептейді. Шынайы Патриотизм ұлтшылдықпен, нəсілшілдікпен жəне жікшілдікпен ешқандай қатысы болмайды. Бір жағынан, жаһандану, интернационалану, екінші жағынан, мемлекеттік жəне ұлттық егемендікті нығайту кезінде патриотизм проблемасы өткірлене түседі. Қазақстан Республикасы Конституциясына (1-баптың 2-тармағы) сəйкес, Патриотизм Республика қызметінің негізі болатын қағидат болып табылады да, мыналарды қамтиды: қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігі үшін экономиканы дамыту, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік өмірдің анағұрлым маңызды мəселелерін демократиялық əдіспен шешу (қар. Мемлекет, Ел бірлігі доктринасы).