(француз тілінен – pavillon, латын тілінен – papilio – шатыр) 1) шағын көлемді немесе жеңілдетілген ашық құрылымды, табиғатпен ерекше байланыстағы жеке тұрған құрылыс; 2) үлкен ғимараттың көбіне өз алдына жеке шатырмен жабылған бөлігі; 3) көрме экспозицияларына, кино түсіру, сауда-саттық және т.б. арналған тұрақты не уақытша құрылыс.