ПЕН

lat: PEN /118/

шыл. Бан/бен, пан/пен жалғаулық шылауының жіңішке әрі қатаң сыңары .

Бұлқынып жатыр, Келмейді-ау құрғыр шамасы,

Бұлқынып жатыр. Таусылды-ау, айла, шарасы.

Сәулемнің менің аяқ пен қолын матамай,

Бостандық берші, бостандық берші, мамасы (1,172).

Түсінер ме не екенін бақ пен нала,

Боя дейді жалғанды ақпен ғана.

Сезер ме екен білгішім, қайдам, қайдам,

Тұратынын алмасып ақ пен қара (3,92).