ПЕНАЛЬТИ

lat: PENALTI

егер қорғанушы команданың ойыншысы айып алаңында ойын тәртібін бұзса, дөрекілік жасаса, онда төреші қорғанушы команданың қақпасына айып добын соғуға рұқсат береді. Гол соғылмай қалған жағдайда, айып добын соққан ойыншы оған басқа ойыншы тигенше қайтадан тиісе алмайды. Гол соғылса, ойын әрі қарай жалғасады. Доп соғылған сәтте ол қақпаға енбей, бірақ қорғанушы команданың ойыншылары тәртіпті бұзса айып добы қайталанады.