ПЕРІ

lat: PERİ

зат. 1 . миф. Көзге шалына бермейтін, өзі сұлу, бірақ адамға жаманшылық жасауға жаны құмар күш иесі .

Пәруәрдігер, албасты ма өзі, пері ме?!

Әруақты мына ит оятар болды-ау көріне.

Дариға-жүрек, мына жұрт сенен жеріген,

Көмгелі жатыр әніңді бірге сенімен (1,253).

Ол ақиқат «долыдан пері қашқан»

Алшаңдаған адымын кері басқан.

Ашулының алдынан сақта, тәңір,

Ақырын кеп атаңның көрін ашқан (3,64).


2 . ауыс. Істерінде береке жоқ, қызық қуғыш жастар.

Ұқсамайды жасаулы керуенге,

Көрінбейді серілер, перілер де.

Аспан, мұхит арқылы қатынасып,

Керуеннен адамдар жеріген бе?! (2,377).

Адамның баласынан жерімеп ем,

Достастым періменен , серіменен.

Жөніңе кет, жарқыным, жөніңе кет,

Ат кекілін кестім мен сеніменен (3,11).