ПЕРІ

lat: PERİ

(пар. пери پري)   

1. Сиқыршы, сұлу әйел түрінде сипатталатын мифологиялық тип.

Қап тауы патшасының қызы Ағажүніс пері келіп, Көрұғлына әйел болды («Көрұғлы сұлтан хикаясы» (Бірінші саласы). Бабалар сөзі. 49-том. 2008. 100 томдық).

Гүлфар пері атым бұл, Тоғыры сертің құрысын («Қисса Ғауазхан» (Ертай Құлсариев нұсқасы). Бабалар сөзі. 49-том. 2008. 100 томдық).

2. Аспанда, су ішінде тіршілік ететін жамандық пен зұлымдықтың иесі.

Әй, патша, қатын деген қатты дұшпан, Адам түгіл, бұлардан пері қашқан («Қисса қырық уәзір». Бабалар сөзі. 8-том. 2004. 100 томдық).

Даулы әйелдің мінезі мен қылығынан, Біз түгіл, дию менен пері қашқан («Қисса қырық уәзір». Бабалар сөзі. 8-том. 2004. 100 томдық).