ПЕРСЕВЕРАЦИЯ

lat: PERSEVERASIaÁ

(лат.perseveratio қасарушылық, қыңырлық) белгілі бір қимыл-әрекеттің, ойдың немесе қобалжудың еріктен, арнайы пиғылдан тыс қайталануы және үнемі қайта жаңғыртылуы. Персерверация ерекше жағдайда әртүрлі көрініс табады: қозғалыс күйде, эмоциялык, сенсорлық персетивті немесе сезімдік қабылдаушы аяда, сондай-ақ ми бөлшектері жартылай зақымданғанда, сөйлеу, қозғалу және эмоциялық ауытқушылык орын алғаңда байқалатын жағымсыз көріністер. Персерверация. көңіл-күй жиі бұзылғанда немесе қатты қалжырағанда қайталануы ықтимал. Мамандардың болжамынша, қимыл- әрекеттің тоқталуы туралы сигнал кешіккенде нейрон құрылымдары қозады да, осы толқымалы процестер әрдайым Персерверация негізін құрайды.