ПЕРСОНАЛДЫ ДАМЫТУ

lat: PERSONALDY DAMYTÝ

ұйымның персоналды басқару қызметінің персоналды оқыту, оны қайта даярлау және біліктілігін арттыру саласындағы ұйымдастырушылық-экономикалық іс-шараларының жиынтығы. Бұл іс-шаралар кәсіптік бейімделу, бос орынға үміткерлерді бағалау, кадрларды ағымдық кезең-кезеңмен бағалау, қызметтік карьераны және кадрлардың қызметтік-кәсіптік өсуін жоспарлау, кадрлық резервпен жұмыс істеу мәселелерін қамтиды.