ПЕТРУШКА

lat: PETRÝSHKA

зат.өс.Салатқа, түрлі тағамға пайдаланылатын хош иісті көкөніс.

Дастарқанда көктемнен қара күзге дейін көк жағы мол болуы керек. Олар: капуста, жасыл салат жапырағы, көк пияз, ашкөк, петрушка («Мәдениет және тұрмыс»).

Салаттың бетіне аш-көк, не петрушка жапырағын себеді («Қазақст. әйелдері»).

Петрушканың көгін дастарқан сәнін келтіріп, ас салған ыдыстарды көрікті етіп көрсету үшін де (салат, заливное т.б.) пайдалануға болады. Петрушканыңкептірілген тамырлары мен жапырақтары түрлі көкөністер қоспаларының құрамына енеді («Шаңырақ» энцикл.).