ПИОНЕР

lat: PIONER

зат. совет. Кеңес Одағы кезіндегі мектеп оқушыларынан ұйымдастырылған балалар ұйымының мүшесі .

Ерлік, ерлік! Еншіміз сан салалы:

Пионерлер кеншіні қарсы алады,

Төмен аққан төсінен қос жұлдызға,

Қара көздер құмартып тамсанады (2,12).

Әлдеқайдан пионер горнының даусы естілді де, артынша сәби дауыстар жамырасып әнге басты (4,155).