lat: PIONER
[франц. pionnier] зат. 1. Әлі зерттелмеген, елге, мекенге алғаш болып келіп, орналасқан адам.
2.сов. КСРО кезіндегі Бүкіл Одақтық балалар пионер ұйымының мүшесі. Бәрі сәнді киінген.
Қызыл галстукті топ-топ пионерлер (І.Есенберлин, Шығ.).
Шелектері шиқылдап екі-үш әйел суға келе жатыр. Мектеп жақтан пионер кернейінің даусы шығады (О.Бөкеев, Ұйқым келмейді).
3.ауыс. Ғылымда, техникада, өнерде жаңалық ашып, жол салушы; бастамашы.