lat: PIRAMIDA
1зат.архит. 1. Ежелгі Египет перғауындарының қабіріне белгі ретінде орнатылған ескерткіш сияқты тастан салынған ерекше алып құрылыс.
Алтышоқы тауының етегінде ерте кезде мыс өндіру ісін зерттеп жүріп, Сәтбаев түсініксіз тілде жазылған жазуы бар кішкене тас пирамидаға кездесті (Қаныш аға).
«Дүниедегінің бәрі уақыттан қорқады, ал уақыт пирамидалардан қорқады» деген сөз бар (С.Абдрахманов, Елдік сыны).
2. Төменгі жағынан жоғары биіктеген сойып сүйірленіп қаланған заттардың шоғыры.
Сен ертеңге жөнелдің, Алжан қалып, Көз жасымен мейірімнің бальзамдалып. Адам келіп қазақ пен қырғызыңнан, Анау бір шың сен үшін тұрғызылған. Көзден көзге ауысар, миға мидан, Мұқа, сенің көгілдір пирамидаң (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).