ПЛАТФОРМА

lat: PLATFORMA

1 [франц. plate тегіс, жазық, forme пішін] зат.1. Теміржол бойындағы шағын станция немесе жолаушылар поезға мінетін жердегі алаң.

Вокзал ішінен жолаушылар поезд платформаларына, қала транспортына шығады («Мәдениет және тұрмыс»).

2. Тауар тиейтін, шахтада кен таситын, шағын борттары бар, ашық, жайдақ жүк вагон.

Кен таситын ұзын, тапалплатформаларды сүйрейтін, өздері кішкентай болғанмен, шегін тартып ысқырғанда дауысы ер жаратын “Поппель”, “Көкек” (“Кукушка”) деп аталатын паровоздар (І.Есенберлин, Шығ.).

3.геогр. Материктердің геологиялық құрылымының негізгі элементі, жер қыртысының нашар тілімденген ірі бөлігі.

Мысалы Шығыс Европа, Шығыс Сібір, Солтүстік Америка платформалары (Қ.Құрманов, Физ.-геогр. термин. мен ұғымд. анықт. сөзд).