lat: PLEONAZM
зат.лингв. Қабаттасып қатар қолданылу нәтижесінде бір мағынаны білдіріп қалыптасып кеткен екі сөз.
Өзара мағыналас екі сөз плеоназм әдісімен ұдайы қатар айтыла келе бір сөз есебінде қолданылады («Қазақст. мект.»).
Плеоназм – көпсөзділік, сөйлем жүйесіндегі кінаратты құбылыс.
Мысалы: «ессіз ақымақ», «тұтас та толық», «айқын да анық». Кей ретте плеоназм шет сөздердің мән-мағынасын түсінбегендіктен туады. Мысалы «бос ваканция» (Әдебиеттану терм. сөзд.).