ПОЧТА ШТЕМПЕЛЬ

lat: POCHTA SHTEMPEL

құжаттар мен почта жөнелтімдеріне почта жөнелтімін жөнелтім орнында қабылдауды жүзеге асырған өндірістік объектінің атауын, почта жөнелтімінің қабылданған күні мен уақытын; почта жөнелтімін жөнелтім орнында алуды жүзеге асырған өндірістік объектінің атауын, алынған күні мен уақытын, сондай-ақ почта жөнелтімін адресатқа жеткізген және (немесе) тапсырған өндірістік объектінің атауын, жеткізілген және (немесе) тапсырылған күні мен уақытын көрсете отырып бедер басуға арналған аспап («Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы 386 ҚРЗ 1-бап)