ПОДИУМ

lat: PODIÝM

(латын тілінен podium, грек тілінен podion аяқ, негіз) бір жағында басқыштары бар, басқа жақтары тік, әдетте тікбұрышты, биік платформа. Подимударға антикалық храмдар (негізінен римдік) тұрғызылған. Антикалық цирктердегі аренаның айналасындағы қабырға және ақсүйек көрермендерге арналған орындары бар биік жер де «подиум» деп аталаған.