(грекше. poietik feline – шығармашылық өнер)–көркем шығармадағы құндылықты бар болмысымен айқындар жүйе туралы әдебиеттанудың ең көне ғылым саласы. Кең мағынасында П. әдебиет теориясымен үндесер ұғымды білдірсе, ал нақтылы (тармағынада) сол теориялық П. бір саласы ретінде қабылданады. Әдебиет теориясының саласы ұғымындағы П.– әдеби тек пен түрдін, ағымдар мен бағыттардың, стильдер мен әдістердің ерекшеліктерін зерделейді, сондайақ көркемдік тұтастықтың әртүрлі деңгейінің ішкі байланыс заңдылықтарын және олардың арақатынасын зерттейді. Оның өзі мақсатты зерттеу аспектісіне байланысты романтизм П.сы, романның П.сы немесе белгілі бір суреткердің шығармашылығынық П.сы, не бір көркем шығарманың П.сы болуы ықтимал. Әдебиеттегі көркемдік құралдардың барлығы тілге қатысты екенін ескерсек, онда П., тілді зерттейтін көркемдік құралдар туралы ғылым болып анықталады (мыс., көркем әдебиеттің тілі). П., мақсаты – шығарма құндылығынан эстетикалық әсерленуді қалыптастыруға қатысатын текстегі элементтерді айқындап және оны жүйелеу болып табылады (мыс. лирикалық өлеңдерде сюжет әлементтері маңызды рөл атқармайды, ал ырғақ пен дыбыстың мәні зор, ал прозада керісінше). Поэтикалық жүйені «ішінен» зерттеу деп аталған ізденістер нормативтік П., құруға алып келді (классисизм дәуірінде, XIX ғ. Еуропа әдебиетінде). Ал, «сыртынан» зерттеу баяндау П,- сын кұруға алып келеді. XIX ғасырға дейін аймактың әдебиет томаға тұйық және дәстүрі шектеулі болған жағдайда П.ның нормативті типі ықпалын жүргізді, әлемдік әдебиеттің қалыптасуы (романтизм) дәуірінен бастап) бірінші планға баяндау П.сын алып шықты. Негізінде, П., жалпы (теориялық немесе жүйелік «макропоэтика»), жеке баяндау түрінде («микропоэтика») және тарихи болып, үшке бөлінеді. Жалпы поэтика өзінің зерттейтін салалары текстін дыбыстық сөздік және образдық құрылымына байланысты үшке бөлінеді. Жалпы П., мақсаты – үш саланы да толық қамтитын, әдістердің толық жүйелі репертуарын (эстетикалық ықпалды элементтер) жасау болып табылады. Шығарманың дыбыстың жағын (ырғақ, бунақ, ұйқас, өлең өлшемі, дыбыс толқыны т.б. зерттегенде) негізінен нақты өлеңтану (тар шеңберде) ғылымы қарастырады. Сөз табиғатына үңілгенде, шығарманың лексикасы, морфологиясы мен синтаксисі зерттеледі де, бұл сала стилистика деп аталады (бұл лингвистикалық стилистикадан өзгеше болады). Лексиканың өзгешелігі («сөздерді таңдау»), синтаксис («сөздердің байланысы») стилистикалық фигура мен троптар ретінде поэтика мен риторика ертеден зерттелуде, ал П., методологияның ерекшелігі («граммат, поэзия») пән ретінде соңғы уақытта зерттеле бастады. Образдық салада шығармадағы образдар (персонаж бен дүние), мотивтер (оқиға мен іс), сюжеттер (оқиғаның байланыстығы жиынтығы) зерттелетін П.ның бір бағыты болып табылады. Жеке поэтика жоғарыда аталған барлық аспектіде көркем шығарманы баяндап, табиғатын ашумен айналысады, сол арқылы шығарманың эстетикалық ықпалды қасиетінің дара жүйесін, «моделін» жасайды. Ж. П., басты проблемасы – композиция, яғни барлық эстетнкалық мәні бар элементтердің бір-бірімен үйлесім-үндестігі. Талдау барысында барлық көркемдік құралдарды саралап, «дүние образы» (оның негізгі характеристикасы көркемдік уақыт пен көркемдік кеңістік) және «автор образы»-ның үйлесім-үндестігі яғни шығарма құрылымындағы барлық жайды айқындайды. Жеке П, («микропоэтиқа»)–негізі жеке шығарманы, зерттеу талабының ерекшелігіпе сай топ шығарманы (бір циклді, бір автордың, әдеби бағыттағы жанрдың, тарихи кезеңнің қатысына қарай) баяндап, талдап түсіндіреді. Оның тақырыптың және идеялық қалыптасуы, сөзбен зергерленуіне дейінгі процесс (генеративная поэтика) қамтылуы да қарастырылады. Тарихи поэтиқа жекеленген поэтикалық жүйеше әдісті салыстырмалы–тарихн әдебиеттанудың көмегімен эволюциялық козғалыс бағытында әртүрлі мәдениеттің поэтикалық жүйесінің ортақ қасиеттерін, олардың ортақ (генетикалық) қайнар бастауын (немесе типологиялық) адамзат санасындағы ортақ заңдылықтар негізінде ашуға, сол арқылы тануға бағытталған. Әдеби сөз өнерінің тамыры ауызша сөз өнерінде (фольклорда) жатыр, сондықтан тарихи П, өзінің негізгі материалын сол бастаудан алады. Тарихи П.,– негізгі проблемасы – жанр, кең, мағынада алғанда, сондайақ, «элегия» т.б. сол сияқты жанрлық түр де тарихи қалыптасқан жағдайға байланысты бірлікте, не жекелей қарала береді. Мысалы, жанр мен жанрдың шекарасы өзгермелі, сондықтан поэтикалық жүйе дәуір ықпалымен және формалық өзгерулермен кезектесіп, өзгешеленеді. Осы өзгерістерді тарихи П., зерттейді. Ысмақова А.