ПОЛИМЕР

lat: POLIMER

[грек. poly көп, грек. meros үлес, бөлік]зат.хим. Молекулалары қайталанып топтасатын, молекулалық массасы үлкен химиялық қосылыстар.

Қаныш Имантайұлы мұнай-химиялық синтез және полимерлер алу үшін Ембі мұнайын зерттеуді ұйымдастырудың пайдасы туралы дәлелді деректер келтіріп,.. полимерлер өнеркәсібі лайықты орын алатын Қазақстанда химия дамуының болашағын сипаттап берді (Қаныш аға).

Алдағы уақытта полимерлер өндіріс көлемі жөнінен металдарды басып озады, бірақ толық ығыстырып шығармайды (Т.Қалыбеков, Экология.).

Полимерден жасалған бұйымдар өнеркәсіптің түрлі салаларында, тұрмыста қолданылады (Қаз. тілі термин. Тамақ.).