ПОРТРЕТ

lat: PORTRET

(франц. portrait бейнеленген)әдеби кейіпкердің сырт көрінісін, кескін-ксйпін, бой-тұлғасын суреттеу. Кейіпкердің мінез-бітімін, характерін неғұрлым толық ашып көрсету үшін оның портретін мүсіндеудің де үлкен мәні бар. Сондықтан кейіпкердің характерін әр түрлі жағдайда, күрес-тартыс үстінде оның басқа адамдармен қарым-қатынасы,өзінің әрекет-қимылдары, істеген істері арқылы айқындай отырып, жазушы портреттік сипаттауға да кадар қолданудық маңызы айрықша болады. Қыл қалам шебері кейіпкердің түсін түстеп, кескін-келбетін көзбен айқын көретіндей түрлі бояумен нақтылы бейнелегендіктен мұнда портреттің өзгеге ешбір ұқсамайтын даралық сипаты басымырақ болады. Ал әдеби шығармадағы портретті алсақ, оның даралық қасиеті өзінше бөлек, мұнда сурет өнеріндегі портретке қарағанда кейіпкердің бет-әлпетін, кескінін ойша еркін елестетуге мүмкіндік молырақ. Ахметов З.